[team_member image=»8769″ img_size=»400×600″][/team_member]

Абкеева Перизат Хаджимуратовна

Директордың практика, жұмысқа орналастыру және дуальды оқыту жүйесі жөніндегі орынбасары
толығырақ ⇒

[team_member image=»10412″ img_size=»400×600″][/team_member]

Шахова Екатерина Владимировна

ҚБД (дуальді оқыту жүйесінің)маманы
толығырақ ⇒

Бағыттар

«Қазақмыс Корпорациясы Политехникалық колледжі» ММ өндірістік бөлімі жоғары сапалы тағылымдамадан өтуді және түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуды, дуальды оқыту жүйесін дамытуды өз қызметінің негізіне қояды.

Өндірістік бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Оқу-өндірістік үдерісті жоспарлау, үйлестіру, бақылау және талдау.
  2. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен жұмыс оқу жоспарлары негізінде оқу-өндірістік жұмысты ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау.
  3. Өндірістік тәжірибенің негізі болып табылатын кәсіпорындармен келісім-шарттар жасау.
  4. Белгіленген есеп беру құжаттамасын уақытылы жасауды қамтамасыз ету
  5. Өндірістік оқыту үшін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыру, оқытушылар мен п/о шеберлерінің біліктілігін арттыру мен кәсіби дағдыларын (кәсіпорында тағылымдамадан өту) ұйымдастыру.
  6. Заманауи технология мен өндіріс технологиясын зерттеу, жаңасын құру және бар оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды жөндеу.
  7. Өндірістік оқыту шеберлерінің, өндірістік тәжірибе жетекшілерінің жұмысын қадағалау.
  8. Білім беру ұйымының бітірушілерін қорытынды аттестаттауды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру.
  9. Білім берудің инновациялық және дамушы элементтерін (дуальды оқыту жүйесі, блок-модульдік оқыту) зерделеу, тарату және тәжірибеге енгізу.
  10. Оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды, цехтарда және өндірісте санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
  11. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң және басқа да ұйымдардың сұранысы бойынша ақпаратты, есептiлiктi дайындауды, келiсудi және ұсынуды қамтамасыз ету.
  12. Лицензиялау, аттестациялау, аккредиттеу, колледжді тексеру, оқу процесінің нәтижелерін талдау үшін ақпарат жинау және талдау.
  13. Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру.
  14. Директордың перспективалық және ағымдағы міндеттерін орындау.
  15. Әлеуметтік серіктестермен (жұмыс берушілер) ынтымақтастықты дамыту
  16. Жұмыс берушілермен бірге дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуге қатысу.

«Қазақмыс» Корпорациясының Политехникалық колледжі» ММ-де дуальды оқыту жүйесі бойынша оқыту 2012 жылдан бастап модульдік-құзыреттілік әдістемесі бойынша 2016 жылдан бастап және 01.09.2021 ж. техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлерінің интеграциясын ескере отырып, кредиттік-құзыреттілік тәсілі негізінде.

Дуальды жүйе бойынша өндірістік практиканың көлемі, мазмұны және мерзімі жұмыс оқу жоспарларымен (Жұмыс берушімен келісілген) және оқу процесінің жұмыс кестесімен анықталады. Практика модульдік әдіспен теориялық оқытуды практикалық сабақтармен алмаса отырып жүргізіледі.

2021-2022 оқу жылына колледжде барлық мамандықтар бойынша кәсіпорындармен 27 дуальді оқыту келісім-шарттары жасалып, оның негізінде кадрлар даярланады.

Сонымен қатар, әрбір колледж студентімен дуальды оқыту бойынша үш жақты келісім-шарт жасалады. Келісімшарттар Қарағанды ​​облысының Кәсіпкерлер палатасының тізілімінде тіркелген.