«Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі 2009 жылдың 3 сәуірінде Қарағанды ​​облысы, Балқаш қаласының Әділет департаментінде тіркелді. Лицензия № 0039671.

Орта мектептің 9-шы және 11-ші сыныптарының базасында техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады, бітіргеннен кейін мемлекеттік диплом беріледі.

Бүгінгі күні ірі инвестицияларды талап ететін өндіріс орындары білімді, білікті жұмысшылар мен орта деңгейдегі мамандардың тапшылығын бастан кешуде. Барлық деңгейде орта буын мамандары мен қызметкерлерін оқытып, даярлау мәселелері қаралуда.

Елбасының «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында және еліміздің прогрессивті индустриализациясы бойынша қабылданған бағытта кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері халықты жұмыспен қамту және экономиканың қарқынды және инновациялық дамуын қамтамасыз етудегі маңызы зор делінген.

«Қазақмыс» Корпорациясында жұмыс істейтін жұмыскерлер жаңа технологиялардың және жұмыстарды ұйымдастырудың үздіксіз дамуына және енгізілуіне байланысты біліктілігін арттыруға мұқтаж.Осы жағдайларда «Қазақмыс» Корпорациясы өнеркәсіптік өндірумен тығыз байланысты кадрларды үздіксіз оқыту мен қайта даярлаудың ішкі интеграцияланған жүйесін әзірледі және енгізді. Ондағы маңызды орын өздерінің оқу орындарын құру, дамыту және жетілдіруге арналған.

ЖШС «Қазақмыс Корпорациясы» Басқармасының шешімімен. 16.03. 2009 жылы Балқаш қаласында «Қазақмыс»Корпорациясының политехникалық колледжі құрылды.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде күндізгі, сырттай және қысқартылағн оқу түрлері бойынша жүргізіледі. Колледжді Сыздықова Айгүл Шаяхметқызы басқарады. Оқу-тәрбие жұмысын оқыту әдістері мен формаларын жетік меңгерген,жас ұрпақты тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүрген жоғары білікті оқытушылар жүргізеді

Орта кәсіптік білім берудің жаңа талаптары және оның нәтижелерін бағалаудың жаңа тәсілдері колледждегі әдістемелік жұмыстарды жаңартуды міндеттейді. Осы бағытта жұмыс жасай отырып, колледждің әдістемелік қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдірудің жаңа жолдарын іздейді.Колледжде оқытушылар практикаға бағытталған (қолданбалы), ғылыми-зерттеу, шығармашылық, ақпараттық жобаларды пайдаланады.

Барлық тәрбие жұмысы «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық ұйымымен, «Қазақмыс» Корпорациясының Жастар Одағымен, «Мұрагер» қалалық жастар ұйымымен тығыз байланыста болады. Колледжде техникалық шығармашылық тобы бар, онда жігіттер металлургиялық кәсіпорындардың жабдықтарының жұмыс моделін аса қызығушылықпен құрастырады. Топтың ұзақ мерзімді жоспарында колледж мұражайын құру жоспарланған.

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ САЯСАТЫ

 

Қазақмыс Корпорациясының политехникалық колледжінің қызметінің басымдықтары оқу орнының тұрақты дамуына, «Қазақмыс» Корпорациясының Тұтынушыларына сапалы қызмет көрсету жауапкершілігін сезінуіне, оқытушылар, студенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауымен айқындалады.

 

Сапа аясының саясаты, денсаулық сақтаудың кәсіби қауіпсіздігі колледждің жалпы стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады, ол тапсырыс берушілердің талаптарына, заңнамалық талаптарға сәйкес білім беру қызметін сапалы және уақтылы жүзеге асыруға бағытталған.

 

Колледж білім беру қызметінің сапасын басқаруда ҚР СТ ИСО 9001-2016 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу және үздіксіз жетілдіру арқылы іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асыру арқылы білім беру қызметтерінің сапасын үнемі арттырып отырады;

Білім беру

 

Білім беру қызметінде тиімділікке қол жеткізу барысында колледжде төмендегідей принциптер қолданылады:

Колледжді басқарудың жүйелі тәсілін пайдалану, заманауи жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, қызметкерлерді үздіксіз оқыту, қолайлы моральдық-психологиялық ахуал мен қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау арқылы көрсетілетін қызметтер сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

Колледжді басқарудың жүйелі тәсілдерін пайдалану, заманауи жабдықтарды жәнебағдарламалармен қамтамсыз қамтамасыз етуді енгізу, қызметкерлерді үздіксіз оқыту, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау арқылы көрсетілетін қызметтер сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

білім беру қызметінде жаңа технологияларды, жабдықтарды және материалдарды енгізуге жәрдемдесу;

білім беру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

төтенше жағдайлардың және апаттардың колледж қызметкерлерінің денсаулығына зиян келтірудің алдын-алуға және олардың тигізетін зардабын барынша азайтуға ұмтылу;

қызметкерлерді оқытудың, кәсіби қауіпсіздік пен қызметкерлердің денсаулығының жауапкершілігін түсіну арқылы басқарудың интеграцияланған басқару жүйесінің жұмыс істеуі жағдайында өз қызметін жүзеге асыруға ынталандыру;

колледжде және өндірісте, соның ішінде тәжірибеден өту барысындағы жарақаттануды болдырмау мақсатында қаіпсіздік техникасын меңгеруге бағытталған процестерді жетілдіру;

жалпы өмір сұру жағдайды жақсартып, өзіміз өмір сүретін және қызмет істейтін қоғамдағы күнделікті өмірде қауіпсіз жағдай жасау;

басшылар мен мамандардың, қызметкерлердің білім беру қызметін жетілдіру және жазатайым оқиғаларды, жарақаттар мен кәсіби ауруларды болдырмау үшін жүргізген жұмысын бағалау; осы жұмысқа қызметкерлерді ынталандыруы;

барлық қызметкерлерге, мердігерлерге, келушілерге, тыңдаушыларға және басқа мүдделі тұлғаларға еңбек қауіпсіздігі саласындағы колледж саясаты туралы ақпарат беру.

колледж мен өндіріс деңгейінде де, қызметкерлер мен студенттердің санасында да еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту.


Колледждің жоғарғы басшылығы білім сапасының, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау саласындағы саясатты іске асыруға жауапты болады және бұл үшін барлық қажетті ресурстарды қамтамасыз етеді, колледж ұжымын осы Саясатты іске асыруға жәрдемдесуге, интеграцияланған менеджмент жүйесінің тиімділігін үнемі жетілдіруге қатысуға шақырады.

 

Колледж директоры   Сыздыкова А. Ш.

 

Колледждің тәжірибеден өткізу қызметі

 

Слесарлық- механикалық практика колледждің шеберханаларында өтеді және слесарлық және токарлық іс дағдыларын меңгереді.

Шеберханалар чехиялық металл кесу, өңдеу, фрезерлеу, бұрғылау машиналары және басқа да технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

Зертханалық және тәжірибелік сабақтар заманауи техникалық құралдармен, жабдықтармен және қондырғылармен жабдықталған, технологиялық үдерістері автоматтандыру, электротехника, материалдарды сынау, гидравлика, минералды өңдеу, пирометаллургия, химия, физика және техникалық механика зертханаларында өтеді.

 

Техникалық мамандықтар түлегінің моделі

Колледж дамуының келешегі 

 

Стратегиялық даму жоспарында колледж ұжымы мынадай міндеттерді белгілейді:

• техникалық қызмет көрсету персоналын оқыту сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

• инфрақұрылымды және материалдық-техникалық базаны дамыту арқылы білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жағдайларды жақсарту;

• Политехникалық колледждің материалдық-техникалық базасын халықаралық стандарттар мен талаптарға сай деңгейге жеткізу.

 

Мақсаттарға жету механизмі:

• тұрақты құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін белсенді, интерактивті, модульдік оқыту технологияларын енгізіп, білімді өз бетінше іздестіру қажеттілігін тудыру;

• жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу үшін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру; • внедрение системы менеджмента качества в соответствии с требованиями ISO 9001:2008;

•«Қазақмыс» корпорациясы жас мамандары туралы Ережеге сәйкес студенттердің мансаптық өсу жүйесін енгізу;

• білім беру мекемелерінің жұмысының оң тәжірибесін тұрақты тарату жүйесін енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде инновацияларды қолдау;

• кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығының жаңа ғимараттарын қайта құру және пайдалануға беру;

заманауи шеберханалар мен оқу бөлмелерімен жабдықталған бірегей оқу алаңының ашылуы. Колледжде теориялық дайындықпен қатар дуалдық оқу жүйесі енгізіледі, ол нақты өндіріске жақын оқыту жүйесі болады.

Күтілетін нәтижелер:

• білім сапасы жақсарады, студенттердің жалпы білім беруі нығайтылады;

• оқу үрдісіне белсенді оқыту технологияларын қолдану кеңейтілетін болады;

• модульдік оқыту жүйесі енгізілетін болады, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын үйлестіру қамтамасыз етіледі

• біліктіліктерін өндірістен ажырамай жетілдіруге мүмкіндігі бар жұмысқа орналасқан түлектердің саны артады, жұмысқа орналасқан түлектердің үлесін арттырады;

• Корпорацияның құрылымдық бөлімшелерін орта және бастапқы деңгейдегі жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

 

Колледжде білім берудің дуалдық жүйесі

 

Практикалық-бағдарланған оқыту – студенттерді кәсіби даярлаудың негізі және теориялық білім беру процесінде студенттердің алған білімдерін тәжірибе жүзінде нығайтуға және тереңдетуге, зерттелетін мамандық бойынша қажетті дағдыларды және практикалық тәжірибені алуға бағытталған.

 

Белгілі бір тақырыптағы мәселені шешу, оқу үрдісінде дуалдық технологияның қағидаттарын енгізу арқылы жүзеге асырады.

 

Колледждегі дуальды білім 2012 жылдан бастап енгізілген.