Құрметті «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖМ сайтының қонақтары!

 

Директордың блогы

Мен сіздерді және директордың блогы арқылы қарым-қатынас жасау мүмкіндігімізді қуана қарсы аламын. Бұл интерактивтік ресурс колледж қызметіне байланысты барлық мәселелерді, проблемаларды кең ауқымда талқылау үшін жақсы алаң болып қана қоймай, Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап алуға, колледж жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге, түсініктемелер қалдыруға мүмкіндік береді деп сенемін. Мен студенттермен, ата-аналармен, түлектермен, серіктестермен және біздің колледжге түсуге ниет білдірушілермен сындарлы диалог үшін әрқашан ашықпын. Сондықтан мен үшін «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі ЖМ қызметі бойынша Сіздердің барлық өтініштеріңізді білу және оларға дер кезінде әрекет ету өте маңызды. Сіздерді толғандыратын сұраққа жауап алу үшін қабылдауға жазылудың қажеті жоқ, тек осы блогтың бетінде өз пікіріңізді қалдырыңыз. Бұл байланыс бәріміз үшін пайдалы болады деп үміттенемін.

 

Колледждің құрылтайшысы Балқаш қаласының қала құраушы кәсіпорны – «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС болып табылады, ол үшін колледж 2009 жылдан бастап Корпорацияға қажетті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі маңызды және шешуші қадам. Сондықтан бізге оқуға келгендерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды беру өте маңызды, бұл оларға өмірде сенімді жүруге және кәсіби жетістіктерге жетуге көмектеседі. Колледж ұжымы үнемі өзгеріп отыратын экономикалық және әлеуметтік жағдайларда тиімді жұмыс істеуге қабілетті, білікті, білімді, шығармашылықпен ойлана білетін мамандарды дайындауға ұмтылады. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру үшін колледжде заманауи материалдық-техникалық база және білікті педагогикалық құрам бар. Колледж студенттері тегін білім алады және «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Біз студенттердің қабілеттері мен таланттарын дамыту үшін барлық жағдайды жасаймыз. Колледжде клубтар, үйірмелер, спорттық секциялар, Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы жұмыс істейді.  Колледж ұжымы біздің студенттердің даралық сезімдерін сақтауға, оларды білімді, бастамашыл, өзіне сенімді адамдар ретінде, адамдарға және әлемге деген құрметті тәрбиелеуге тырысады.

Біз өз колледжімізді мақтан тұтамыз, оны жақсартуға тырысамыз және әрқашан қоғамға ашықпыз. «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі ЖМ ресми сайтында колледж өмірі туралы білуге және біздің жеңістеріміз бен жетістіктерімізге қуануға болады. Біздің колледж-бұл оқу мен демалыс, мерекелер мен жұмыс күндері тоғысатын, игі дәстүрлер тоғысатын бақуаттылық, табыс кеңістігі.

Табысты мансап жақсы білімнен басталады және мамандық пен білім беру мекемесін дұрыс таңдау – бұл сіздің ертеңгі сенімді болашағыңыз!

Ізгі тілектермен және шынайы құрметпен,

                    «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖМ директоры  А.Ш.Сыздыкова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.