24.11.21

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында колледжде Дүниежүзілік студенттер күніне орай 1 курс студенттерін оқытуға арналған видеоконкурс ұйымдастырылды. Байқау ережесінде топпен танысу, өз мамандығы және куратордың қатысуымен шығармашылық нөмір түріндегі роликтің мазмұны көрсетілді. Қазылар алқасының шешімімен “Ең үздік ролик” номинациясында ТЭ-21-09 тобы, “Ең креативті ролик” номинациясында МЦМ – 21-09 тобы, “Ең әртістік ролик” номинациясында Т-21 – 09 тобы және “Ең көңілді ролик” номинациясында СВ-21-09 тобы иеленді. Оқу топтарының кураторларына бейнеролик түсірілімінің шығармашылық тәсілі мен ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.