28.12.21

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы,
әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа
бақыт күтеміз. Осы мерекеге орай 28 желтоқсан күні оқу орнымызда «Сиқырлы жаңа жыл»
тақырыбында Жаңа жылдық кеш өтті.
Жаңа жылдық кеш барысында әр топ жеке-жеке шақырылып жеребе арқылы өз өнерлерін
көрсетіп, қызыққа толы көңілді күй сыйлады. Келесі күні қазылар алқасының шешімі бойынша
Бас жүлде, 1,2,3 орындар сонымен қатар «Ең шығармашыл топ», «Ең үздік бейне құттықтау»,
«Ең жасампаз топ», «Ең ізденімпаз топ» номинациялары бойынша қатысушылар марапатталып,
бағалы сыйлықтарға ие болды. Іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып, көрерменсіз өтті.